Алматыдағы балалар үйі өртенді: 35 адам эвакуацияланды

Алматыда мыңдаған жетім баланы бауырына басқан Әмина қажы Әжібаеваның «Перзент» балалар үйі алапат отқа оранды.

Нақтыланған ақпарат бойынша, балалар үйінің аумағындағы асхана ғимараты өртеніп жатыр, — делінген хабарламада.

Барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды.

Балалар үйі, өрт
Фото: ТЖМ

Бүгін осындай бір сынаққа қалдық. Өрт сөндірушілердің бәріне Алла разы болсын! Сағат 4-тен бастап жұмыс істеп жатыр. Бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, бәрі бір үйдің баласындай көмектесіп, осында жүгіріп жүр. Өте үлкен өрт шықты. Жігіттерге Алла разы болсын!, — деді Әмина қажы Әжібаева.

Оқиға орнында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды.

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт ошағы оқшауланған. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да