Қасым-Жомарт Тоқаев Уашиңтонға сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.
Ертең мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.
