«Интер» футбол клубы қазақ тілінде жазба қалдырды

Италиялық команда Қазақстанның «Қайрат» футбол клубымен болар ойынның алдында Instagram-парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады.

«Интер» клубы Диего Симеоненің «Миланға» қарсы соққан голын жариялады.

Симеоне дербиде нақтылық пен қабілетке толы гол соқты. Осындай контент үшін фоллай бас, – деп жазды «Интер».

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Inter (@inter)

Видеоның фонына қазақстандық әншінің әнін жариялаған.

Еске салайық, матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де өтеді. «Қайрат» сырт алаңда ойнайды.