5 қараша күні Алматыда екпінді жел мен сулы қардың салдарынан бірқатар аудандарда электр жарығы уақытша өшті.
Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» АҚ хабарлап отыр.
Электр қуаты төмендегі аудандар мен шағынаудандарда ажыратылды:
-
Бостандық ауданында – Тәуке хан, Жаңару, Ладушкин, Байқоңыр көшелері мен Ерменсай, Бағанашыл, Асқартау шағынаудандары;
-
Әуезов ауданында – Ақсай-5, Достық, Жетісу-2;
-
Наурызбай ауданында – Ақжар, Тастыбұлақ;
-
Алмалы ауданында – Манас, Абай, Әуезов және Жамбыл көшелері.
Компания мәліметінше, ақаулардың себебі – желдің күшеюі мен ылғалды қардың әсерінен электр желілерінің үзілуі және қысқа тұйықталу жағдайлары.
