Қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні Миланда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші матчы өтеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлап отыр.
Бұл ойында италиялық «Интер» қазақстандық «Қайратты» қабылдайды.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімі Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.
Қазіргі уақытта «Интер» үш турдан кейін тоғыз ұпаймен топ басында келеді. Италиялық клуб негізгі раундта бірде-бір гол жібермей, үш ойында жеңіске жетті: «Аякс» (2:0), «Славия» (3:0) және «Юнион» (4:0).
Ал «Қайрат» әзірге 1 ұпаймен турнир кестесінің төменгі жағында. Команда соңғы турда кипрлік «Пафоспен» (0:0) тең түсті, ал бұған дейін «Спортиңнен» (1:4) және «Реалдан» (0:5) ұтылған еді.
Бұған дейін «Интер» Италия чемпионатында «Эллас Веронамен» ойнап, соңғы минутта жеңіске жеткен болатын.
