Каспий теңізі жағалауынан 112 итбалықтың өлексесі табылды

Не болды?

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан экология департаментінің мамандары 112 итбалықтың өлексесін тапты.

Мәлімет

Теңіз жағалауына шығып қалған итбалықтардың өлексесі туралы Ақтау тұрғындары хабарлаған. Мұны 3 қараша күні зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің қызметкерлері тексерген.

Балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутин мүйісіне дейінгі жағалау сызығында мониториң жүргіздік. Жағалаудан Каспий итбалығының өлексесі анықталды. Оның ішінде 39-ы Асан ауылынан Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін, 73-і жағажайдан Баутин мүйісіне дейінгі аумақтан табылды, — деп хабарлады департамент.

Мамандар зертханалық талдау үшін теңіз суының сынамасын алған. Бұл оқиға туралы 112 қызметіне ақпарат жолдаған.

Контекст

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар жиі табылады. Биылғы көктемде 88 итбалықтың өлексесі табылған еді.

Ал мамыр айының соңында екі күнде 117 итбалықтың өлексесі табылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да