Басты бет / Қоғам /
итбалық
Фото: Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі

Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданынан өлі итбалықтар табылды. Қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылғанын полиция бөлімі тіркеген.

Оқиға орнына инспекция, әкімдік және Гидробиология және экология институтының өкілдері келді.

Итбалықтардың өліміне не себеп болғаны анықталған жоқ, себебі олардың денелері қатты шіріп кеткен. Бұл жағдай сапалы сынама алып, зертханалық зерттеулер, соның ішінде улану мен патологоанатомиялық талдау жүргізуге мүмкіндік бермей тұр.

Болжам бойынша, итбалықтар шамамен екі-үш апта бұрын қырылған.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram