Азия ойындарында шахматшы оқушылар 10 алтын жеңіп алды

Не болды?

Оқушылар арасындағы Азия ойындарында жас шахматшылар 22 жүлде алды. Бұл туралы Шахмат Федерациясы хабарлап отыр.

Мәлімет

1 қарашада Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында оқушылар арасындағы шахмат ойындары аяқталды. Бір аптаға созылған байқауға 16 елден 675 жас шахматшы қатысты.

Қазақстан чемпионатқа 38 шахматшы алып барған еді. Нәтижесінде 22 жүлде алды (оның 10-ы – алтын).

Алтын медаль алғандар:

  • Әлихан Хажатұлы екі алтын, бір күміс алды (15 жаста, Жетісу облысы);
  • Нұрәлі Нұршин екі алтын алды (9 жаста, Астана);
  • Малика Жаппарбекова екі алтын алды (15 жаста, Астана);
  • Алдияр Жарас бір алтын және бір қола алды (13 жаста, Алматы);
  • Нұрмұхаммед Қабиназар бір алтын және бір қола алды (15 жаста, Алматы);
  • Рамазан Төлеген (11 жаста, Алматы облысы);
  • Ақерке Молдағали (13 жаста, Астана).

Күміс пен қола

Тағы 10 оқушы күміс пен қола алды. Олар:

  • Нұрислам Сұлтанхан (9 жаста, Түркістан облысы);
  • Сүлеймен Ахмет (13 жаста, Павлодар облысы);
  • Венера Жәкішева (7 жаста, Астана);
  • Милана Филиппова (11 жаста, Алматы);
  • Ақниет Күмісбай (9 жаста, Маңғыстау облысы);
  • Әдия Мамеш (11 жаста, Астана);
  • Макар Чернышов (7 жаста, Алматы);
  • Әлихан Дәулет (17 жаста, Алматы);
  • Нұрсұлу Оразалина (17 жаста, Астана).

Командалық есепте Қазақстан шахматшылары рапидте үздік нәтиже көрсетсе (4 алтын және 4 күміс), классикада (2–1–2) үшінші, блицте (4–2–3) екінші орын алды.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, 13 жастағы Марк Смирнов шахматтан екі дүркін әлем чемпионы болған еді.