Түнгі сағат 01:29-да Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Сейсмикалық станциялар желісі тіркеген деректер бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер асты дүмпулерінің күші екі балл болды. Тербелістер Шымкент қаласында және Түркістан облысының бірнеше ауданында сезілді:
-
Мақтаарал ауданындағы Мырзакент кентінде;
-
Жетісай қаласында;
-
Шардара қаласында.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
