Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды. Жол бүгін сағат 09:40–та жабылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
Шектеу барлық көлікке бірдей қойылды.
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болып, бүгін сағат 09:40–та республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» тасжолының 844-965 шақырымы аралығына, яғни Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 23 қазан күні «Самара–Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза болды.
