Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Полиция Орталық стадиондағы концерттің алдында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Нақтырақ айтсақ, кептелістің алдын алу үшін бірнеше көше жабылатын болды.
Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, — делінген хабарламада.
Концерт бүгін, 31 қазан күні кешке болады.
