Атырауда студенттер төбелесті: полиция қылмыстық іс қозғады

Атырауда қараусыз қалған гараждардың жанында агроколледждің студенттері арасында төбелес болды. Әлеуметтік желілерде қақтығыстың видеосы тарады.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі жасөспірімге дене жарақатын келтірді деген күдікпен төрт студент анықталып, полицияға жеткізілген. Төбелесті қатысушылардың бірі ұялы телефонға түсірген.

Күдіктілер кәмелет жасына толмағандықтан, олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жасөспірімдер полицияның профилактикалық есебіне алынып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады.