Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылып, бір адам жарақат алды

Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Бұл туралы QazaqGaz Aimaq хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, оқиға 30 қазанда Шәуілдір ауылында тіркелген. Жарылыстың себебі — газ жүйесіне рұқсатсыз қосылу.

Жарылыс салдарынан бір адам зардап шекті. Бірнеше пәтерге зақым келді. Қазір елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылды, мамандар желілерді тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Компания өкілдері тұрғындарға газ жүйесіне өз бетімен қосылу өте қауіпті екенін ескертті. Мұндай жұмыстарды тек лицензиясы бар мамандар орындауға тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да