Ғылыми сыйлықтар мен шәкіртақылар байқауы басталды

Не болды?

Ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдарға арналған сыйлықтар мен мемлекеттік шәкіртақылар байқауы басталды деп хабарлап отыр.

Мәлімет

Байқау түрлі саладағы үздік зерттеу мен жетістік үшін ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді ынталандыру мақсатында өтеді.

  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
  • педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсары атындағы бір сыйлық;
  • түркология саласындағы аса зор жетістігі үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
  • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық беріледі.

Жалпы 75 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы тағайындалды. Оның ішінде 40 жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы да бар.

Ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми шәкіртақыға үміткердің жұмысы «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрон форматта қабылданады.