Вьетнамның орталық өңірлерінде толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінен кемінде 10 адам қаза болды.
Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлап отыр.
Жергілікті биліктің мәліметінше, портты Дананг қаласында табиғи апат салдарынан алты адам қаза болып, 19 адам жарақат алған. Тағы төрт адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Мыңдаған тұрғын үй мен ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды.
Су тасқыны бірнеше автожолды жауып, ондаған адам көліктерінде қалып қойған.
Вьетнамның метеорологиялық қызметі кейінгі 24 сағат ішінде жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жеткенін хабарлап отыр.
