Алматыда кәсіпкер әйелдерге арналған She’s Next Camp финалы өтті

2025 жылғы 16–17 қазанда Алматыда Visa компаниясы мен Halyk банкінің серіктестігімен She’s Next, Empowered by Visa бағдарламасының төртінші толқынының финалдық кезеңі – She’s Next Camp өтті.

Жаһандық бастама әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға және өз бизнесін кеңейтуге ынталандыруға бағытталған.

Финалға іріктеуден өткен 30 қатысушы келіп, екі күн бойы қазақстандық сарапшылардың дәрістеріне, топтық сессиялар мен менторлық кеңестерге қатысты. Шараның соңында қатысушылар өз жобаларын Visa, Halyk және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен құралған қазылар алқасының алдында қорғады.

b32b5d6193e16b3119cf5621c2ea4f46 Алматыда кәсіпкер әйелдерге арналған She’s Next Camp финалы өтті
She’s Next 2025

Нәтижесінде жеті үздік жоба үш санат бойынша анықталды:

Қолданыстағы бизнес:

  • Мадина Өскенбаева – Miya отбасылық фермасы (5 млн теңге грант).
  • Ұлжан Қошманова – жел мен күн энергиясын біріктіретін генератор жобасы (3 млн теңге).
  • Гүлназ Қадыр – Qazoner Group (ОРТЕКЕ ұлттық ойынын цифрландыру, 2 млн теңге).

Жаңа бастаған бизнес:

  • Кәмшат Жолдасбек – Smart Biohumus (AI арқылы органикалық тыңайтқыш, 3 млн теңге).
  • Диана Мурзағалиева – SpeakUp (AI қосымшасы, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған, 2 млн теңге).
  • Айым Мыңбай – SecureBala (балалар қауіпсіздігіне арналған мобильді қосымша, 1 млн теңге).

IT-бизнес:

  • Эльмира Бақтиярова – Jetqor (фулфилментті автоматтандыратын IT-платформа). Ол 1,5 млн теңге грант және Visa-ның Дубайдағы инновациялық орталығына сапар ұтып алды.

Бұдан бөлек, Easy Tap компаниясының арнайы жүлдесі – 1 млн теңге Айсұлу Қалшабековаға (IceCore.ai жобасы, клиенттік қолдауға арналған AI-платформа) табысталды.

She’s Next бағдарламасы 2020 жылдан бері Қазақстанда іске асырылып келеді және ондаған әйел кәсіпкер өз ісін дамытып, халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алды.