Республика күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Осы азаматтардың ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешова да бар.
«Қазақстанның халық әртісі» атағына Меруерт Өтекешова лайық деп танылды», — делінген «Ақорда» хабарламасында.
Меруерт Өтекешова халыққа «Қыз Жібек» фильмі арқылы танылған. Ол «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студиялары түсірген түрлі фильмге түскен.
