Не болды?
Украин шоколады тиелген жүк көлігі Қазақстан мен Ресей шекарасында дүрбелең туғызды. Altay кеденшілері тәтті жүктің Ресей аумағына өтуіне рұқсат бермеді. Бұл туралы Ресейдің кедендік бақылау қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Үлкен көлемдегі 714 келі шоколад 372 қорапқа салынған. Көлікті шекарада тоқтатып, кері қайтарды. Бұдан бөлек, тыйымдар мен шектеулерді бұзғаны үшін тасымалдаушының үстінен әкімшілік іс қозғалады.
Украиналық тауарларды Ресейге әкелуге 2018 жылдан бері тыйым салынған. Санкция тізіміне техникадан бастап тәттілерге дейін кіреді. РФ кедендік бақылау қызметкерлерінің мәліметінше, шекарада ұсталған шоколод плиткалары украин фабрикасында өндірілген. Сол себепті жүк заңсыз.
