Қазақстан шекарасына жақын маңда жер сілкінді

Қытай аумағында магнитудасы 4,0 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дүмпу Қазақстан шекарасына жақын жерде болған. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,0, энергетикалық класы – 9.

Еске салайық, 23 қазанда Алматы тұрғындарының телефонына жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 136 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.