Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 22 қазанда Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Астана, Көкшетау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да