2025 жылғы 16–25 қазан аралығында Әбу-Даби қаласындағы Etihad Modern Art Gallery (V15, Al Huwelat St. Al Bateen) галереясында қазақстандық суретші әрі дизайнер Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» атты жеке көрмесі өтеді.
Көрме экспозициясы Ұлы дала өркениетінің жадына арналған — онда көшпенділердің дәстүрі, рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы заманауи өнер тілінде көрініс табады.

Экспозиция құрамында:
- гобелендер – жаңа кеңістіктік тереңдікті бейнелейді;
- сурет туындылары – жарқын палитра мен органикалық пішіндер;
- керамикалық жұмыстар – ата-баба жадының көрінісі;
- ұлттық өрнекпен безендірілген киім коллекциялары – көшпенді мәдениетінің заманауи интерпретациясы ұсынылады.

Балнұр Асанова – өнертану кандидаты, «Сымбат» сән академиясының арт-директоры, халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның еңбектері Түркия, Франция, Германия, АҚШ және басқа да елдердің галереяларында көрсетілген.
Көрме уақыты: күн сайын 10:00–17:00
Кіру тегін.
