Бүгін 5 қалада ауа сапасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК елдің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлап отыр.

2025 жылғы 20 қазанда Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Теміртау, Қарағанды ​​қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.