Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешенінде 24 жастағы ер адам қайғылы жағдайда қаза болды. Оның денесі құрылысы аяқталмаған лифт шахтасынан табылды.
Оқиға күндіз болғанымен, оқиға орнында жауапты тұлғалар болмаған.
Еңбек инспекциясының мәліметінше, төтенше жағдай туралы ақпарат оларға құрылыс компаниясынан емес, полициядан түскен.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Үмітжан Балтабаев Aina Mare House ЖШС-не қарасты учаскеде түсініксіз жағдайда құлап, қаза болған. Жұмыс беруші 24 сағат ішінде инспекцияға хабарлауға тиіс еді, бірақ бізге ешқандай ақпарат келген жоқ, – деді еңбек департаментінің бөлім басшысы Әлжан Мадалиев.
Қазіргі таңда марқұмның аталған нысанда ресми түрде жұмыс істегені анықталған жоқ. Еңбек инспекциясы прокуратураға жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін сұраныс жібереді.
Ал полиция «Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
