Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды. Бұл туралы ҰОК хабарлап отыр.
Жартылай финалда Рыбакина италиялық Жасмин Паолиниді екі сетте жеңді — 6:3, 6:2. Қазақстандық спортшы матч барысында сенімді ойын көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Бұл жеңіс Еленаның биылғы маусымдағы үздік формасының дәлелі. Ол финалға толық дайындықпен шықты, — делінген Федерацияның хабарламасында.
Финалда Елена Рыбакина Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды.
