Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам зардап шекті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ПД мәліметінше, жол апаты сағат 04:20 шамасында Әуезов ауданында болған.
BMW көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолақты ауыстыратын кезде қатар келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін екпінмен BMW көлігі ағашқа барып соғылды, — делінген хабарламада.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен BMW көлігіндегі үш жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
