Алматы мен тағы 2 қалада ауа сапасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 14 қазанда Жезқазған, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз ауа райы болжанған, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.