БҚО-да азық-түлік төмен бағамен сатылып жатыр

Орал қаласы мен аудандарда 25 қыркүйек-31 қазан аралығында «Береке Fest» республикалық акциясы өтіп жатыр.

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шара облысы әкімдігі мен сауда желілері арасындағы меморандумдарға сәйкес ұйымдастырылып жатыр.

Акция облыс әкімдігі мен сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен, «Алтындар», «Дина», «Анвар», «Социальный», Nazel, «Пешеход», «Пайда», «Манго» сауда желілерінің қатысуымен өткізіліп жатыр. Аталған сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төмендетілген бағаларлармен сатылып жатыр. Іс-шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға және отандық өнімді тұтынуды ынталандыруға, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған, — делінген хабарламада.

«Береке Fest» акциясы ҚР сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен өтіп жатыр. Жеткізушілермен арадағы келісімшарттар мен жергілікті әкімдіктердің қолдауына байланысты өнімдер нарық бағасынан төмен сатылып жатыр.

Науқан Республика күні мерекесіне орайластырылып отыр. Осылайша ұлттық бірлік пен экономиканың тұрақтылығы үшін отандық өндірістің қаншалықты маңызды екені көрінеді, — делінген облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратында.