«Қазақстан» «Лихтенштейн» құрамасын 4:0 есебімен жеңді

Не болды?

Қазанның 10 күні Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі барысында Қазақстан – Лихтенштейн құрамалары кездесті.

Мәлімет

Ойын Астанадағы «Астана-Арена» стадионында өтті. Қазақстан құрамасы ойын басталғанына үш минут болғанда қарсы команда қақпасына екі гол салды.

26 минутта Ғалымжан Кенжебек есеп ашты. 28 минутта жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов тағы бір гол салды. 59 минутта Ғалымжан Кенжебек үшінші голды соғып, 81 минутта Әлібек Қасым төртінші голмен ойынды аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 ойыннан кейін 3 ұпаймен өз тобында төртінші орында келеді. Ал қарсылас Лихтенштейн әзірге ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр.