Не болды?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда бір айда өмір сүруге болатын айлық ақыны атады.
Мәлімет
Еліміздегі орташа айлық ақы — 400 мың теңге, ал медиандық айлық ақы — 288 мың теңге. Айлық ақы осы медиандық ақыдан аз болмауға тиіс. Бүгінде осы сомаға өмір сүруге болады, — деді Асқарбек Ертаев журналистердің сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, министрлік 95 мың ұйымды бақылаған.
Оның 73 мыңы қызметкерлеріне медиандық ақымен бірдей және одан көп айлық төлеп отыр, — деді вие-министр.
Бұған дейін Алматыдағы жұмысшы мамандардың жалақысы туралы жазған едік.
Жыл басында ғана еліміздегі орташа жалақы 308 мың теңге еді.
Еңбек министрі Қазақстан азаматтарының шетелде жұмыс істейтіні қалыпты екенін айтқан.
