«Қазақстан» – «Лихтенштейн» матчын қайдан көруге болады?

Не болды?

10 қазанда Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Лихтенштейн құрамасымен кездеседі. Ойын 19:00-де басталады. Оны тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Мәлімет

Қазір Қазақстан құрамасы бес ойыннан кейін үш ұпаймен өз тобында төртінші орында тұр. Ал қарсылас Лихтенштейн әзірге ұпай жинай алмай, соңғы орынға табан тіреген.

Турнир кестесінің J тобы (қазіргі жағдай):

1. Солтүстік Македония — 11 ұпай (бес матч)
2. Бельгия — 10 ұпай (төрт матч)
3. Уэльс — 10 ұпай (бес матч)
4. Қазақстан — 3 ұпай (бес матч)
5. Лихтенштейн — 0 ұпай (бес матч)

Ұлттық құрмаға шақырылған футболшылар

Бұл ойында бас бапкердің қызметін уақытша Талғат Байсуфинов атқарады. Ол «Қайрат» құрамында ойнап жүрген Дастан Сәтбаев пен Дамир Қасаболатты «Қазақстан» құрамасына шақырған. Алайда Сатбаев жарақат алғандықтан бұл ойынға қатыса алмайды.

Бұған дейін «Қайрат» пен «Интер» матчының билеті «Реал» ойынынан 10 есе арзан екенін жазған едік.