Криштиану Роналду алғашқы миллиардер футболшы болды

Португал спортшы Криштиану Роналду алғашқы миллиардер футболшы болды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлап отыр.

Агенттік ақпаратына қарағанда, футболшының байлығы 1,4 миллиард долларға дейін өскен.

Криштиану Роналду 20 жылдық мансабында Nike, Armani сияқты ірі брендтермен жұмыс істеген. Алайда ол мансабы аяқталар тұста миллиардер болып отыр.

Bloomberg агенттігі мұны жаңа келісімшартпен байланыстырады. Криштиану Роналду жақында Сауд Арабияның «Әл-Наср» клубымен 400 миллион долларлық жаңа келісімшартқа отырған.