Не болды?
Онлайн-казино жарнамалаған блогерлердің әрекетін қаржы пирамидасын құрғандармен бірдей жазалау ұсынылды. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мәлімдеді.
Мәлімет
Олардың (блогерлардың — ред.) көбі заңды байқамай бұзып жүрген жоқ, керісінше заңды жүйелі түрде елемей келеді. Заңда құмар ойындарды жарнамалаған адамды тікелей жазалайтын бап жоқ, бұл жағдайда одан сайын қиындатады. Ал қазіргі әкімшілік айыппұлдар (жарнамадан) түсетін табыстан әлдеқайда аз, — деді Қайрат Бижанов.
Ол осы жағдайларды ескеріп, онлайн-казиноны жарнамалайтындарды қаржы пирамидасына қарсы нормаға ұқсас қылмыстық жауапқа тартуды ұсынып отыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қаржы мониторинг агенттігі ел ішінде заңсыз онлайн-казиноны жарнамалап, жұртты алдаған 34 блогердің тізімін жариялаған еді.
Нәтижесінде Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген онлайн казиноларға тосқауыл қойылған.
