Руслан Берденов жаңа қызметке барды

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы қаласын дамыту орталығының жетекшісі болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сүйенген «ҚазТаг» жазып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Руслан Берденовке Шымкент әкімдігі маңында оқ атылған.

20 тамызда Шымкент соты оқ атқан Ернар Жиембайды «Адам өлтіру» және «Қылмысқа оқталу» баптары бойынша айыптап, 9 жылға бас бостандығынан айырған. Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындаған.

Руслан Берденов соттан кейін «өз еркімен» әкімнің орынбасары қызметінен кеткен.