Жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.
Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырларын терең бейнелеген бедерлі қаламгер еді. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді, – делінген хабарламада.
Еркін Жаппасұлы 1954 жылғы 6 маусымда Абай облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылында дүниеге келген.
Ол «Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Ой, қытығым келеді…», «Қымсынбашы, қылықтым», «Мыңқетпес мыңқ етер емес» деген кітаптар жазған.
