Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады

Қазақстанның көптеген қаласында 1 қазанда ауа райы қолайлы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.

Алайда Жезқазғанда, Ақтөбеде және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – зиянды (ластаушы) заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ орын алған кезде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.