Испандық журналистер мен блогерлер «Шымбұлаққа» барды

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлап отыр.

Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы матчты жария ету үшін келген.

Сапар барысында шетелдік қонақтар Алматының туристік және мәдени әлеуетімен танысып, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды.

Журналистерге алматылық блогер әрі полиглот Мәди Фазыл жолбасшы болды. Қонақтар қала атмосферасын жақынырақ сезініп, Алматының ерекше колоритін таныды.

Мамандардың пікірінше, мұндай сапарлар Алматыны халықаралық деңгейде танытуға, оның туризм, спорт және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал» матчы болып жатқанда қалада көлік қозғалысы шектеледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да