Президент Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
