Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан азаматтарына АҚШ-қа сәлемдеме жіберуге тыйым салынды

Фото: Like.sumy.ua

Не болды?

АҚШ 187 елдің халықаралық тауар пошта сәлемдемесін қабылдауға шектеу қойды. Тізімге Қазақстан да енді. Бұл туралы ұлттық пошта операторының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәлімет

«Қазпочта» АҚ АҚШ-қа тауарлық сәлемде қабылдап, жеткізуді уақытша тоқтатты. Бұған себеп — 2025 жылғы 26 тамызда қабылданған АҚШ-тың кедендік-шекаралық қызметінің шешімі.

Ұлттық оператордың мәліметінше, Қазақстаннан АҚШ-қа хат пен құжат жіберу әдеттегі режимде жалғасып жатыр. Ал АҚШ халықаралық тауар сәлемдемесін қабылдауға шектеу қойған. Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 елдің ішінде тек бесеуі АҚШ-қа тауар сәлемдеме жібере алады.

«Қазпочта» АҚ өкілдері сәлемдеме жіберу қызметін қайта қалпына келтіру үшін серіктестерімен келіссөз жүргізіп жатыр.

Контекст

Бұған дейін АҚШ Қазақстан тауарларына 25% баж салығын салғаны туралы жазған едік.

Мақалаға реакция