Азаматтар барыс бейнеленген төлқұжат ала бастады

Не болды?

Қазақстан азаматтарының төлқұжатында жаңа қорғаныш элементі пайда болды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстанда жаңа қорғаныш элементі бар төлқұжат беріле бастады. ІІМ мәліметінше, барыс бейнесі бейнеленген HDM-элемент (айқындығы жоғары металлизация) төлқұжаттың екінші бетіне енгізілген. Бұл сурет голографиялық қабықшаға түсірілген.

Бұрын берілген төлқұжат мерзімі аяқталғанға дейін жарамды. Оларды ауыстыру міндетті емес.

Жаңашылдық дербес деректердің қауіпсіздігін арттыруға және құжаттарды қолдан жасаудың алдын алуға бағытталған, – дейді ІІМ хабарламасында.

ІІМ дерегінше, жаңа төлқұжатты қазірдің өзінде бес мыңнан астам азамат алған.