Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады

Алматыда алдағы демалыс күндері Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен Түркістан қаласы қатысады. Алматы тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 50-ден астам түрлі өнімі ұсынылады. Олардың ішінде ет-сүт өнімдері, жеміс-көкөніс пен шұжық түрлері, ұн, жарма, өсімдік және малдың майы және күнделікті тұтынуға қажет өзге де тауарлар бар. Жалпы 500 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 100 тонна ет өнімі, 250 тонна жеміс-көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері және 120 тоннаға жуық өзге де өнімдер.

Жәрмеңке 27-28 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді. Келушілер фермерлік өнімдерді делдалсыз, өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларының ассортиментімен таныса алады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да