WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты. Енді қолданушылар қолданбада алынған хабарламаларды бірден басқа тілге аудара алады.

Компанияның мәліметінше, басқа тілдегі хабарды аудару үшін оның үстінен басып ұстап тұрып, «Аудару» түймесін таңдау жеткілікті. Қалаған тілді жүктеп алып, оны болашақ аудармалар үшін сақтауға болады. Функция жеке чаттарда да, топтарда да қолжетімді.

Android пайдаланушылары болашақ хабарламаларды автоматты түрде таңдалған тілге аударатын опцияны қосып қоя алады. Хабарламалар тек құрылғының ішінде аударылады.

Қазір Android құрылғыларында алты тіл қолжетімді: ағылшын, испан, үнді, португал, орыс және араб. Ал iPhone иелері бірден 19-дан астам тілге қол жеткізе алады.

WhatsApp-ты бүгінде әлемнің 180-нен астам елінде 3 миллиардтан астам адам қолданады. Жаңа функция тілдік кедергілерді жоюға көмектесуді мақсат етеді.