Желіде Жеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде әйгілі актер Жеки Чанның Алматыға келгені туралы ақпарат тарады. 71 жастағы актердың келгені ресми расталған жоқ.

Алайда жарияланған бейнежазбалар оның Қазақстанда екенін меңзейді. Алдын ала дерек бойынша, ол бір фильмнің түсіріліміне қатысуы мүмкін.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Алматы | Типичный Алматы (@almaty_typical)

Бұған дейін Қазақстанда Жеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған еді. Бұл туралы үкімет отырысында Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай айтты.

Биыл Жеки Чан, америкалық «Оскар» иегері продюсерлермен бірлескен продюсерлік жоба іске қосылды, сонымен бірге жасанды интеллект технологиясына негізделген контент жасау бойынша Тимур Бекмамбетовпен бірегей жоба қолға алынды, – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да