Алматыда Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде орналасқан кафе өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
ТЖМ бірінші бөлімшелері жеткеннен кейін жеке дәмхана жанып жатқаны және жақын маңдағы ғимараттарға қауіп төнгені анықталды. ТЖМ күшімен өрт оқшауланды, — деп жазылған хабарламада.
