Павлодардағы апат: Астаналық футболшы қыз қаза болды

Не болды?

Павлодар облысында болған жол апатынан Астананың «Жеңіс» клубының футболшысы Виктория Қайсаринова қаза болды. Бұл туралы «Жеңіс» футбол клубы хабарлап отыр.

Мәлімет

Жол апаты 23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда тасжолында, Павлодар облысы, Байет ауылынан бес шақырым жерде болды. Төрт жолаушы көз жұмды. Соның бірі — Виктория Қайсаринова.

Полицияның мәліметінше, Toyota Lucida жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігімен соғысқан.

Бұл бүкіл клуб үшін орны толмас қайғы. Виктория жарқын ойыншы әрі шынайы дос еді. Ол әрқашан жүрегімізде қалады, – деп жазды команданың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам қаза болғаны туралы жазған едік.