Пойыз жеңіл көлікке соғылып, 3 адам қаза болды

Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, салдарынан үш адам қаза болды. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 00:54-те «Ақадыр – Қарағанды» учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде болған. Жолаушылар пойызы 92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан.

Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданғанмен, соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады. Автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан қаза болды. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді, — делінген хабарламада.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жол қозғалысының барлық қатысушысын теміржол өткелдерінде жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да