Бүгін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығады

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Билеттер сатылымы 23 қыркүйекте сағат 17:00–де басталады. Әр матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады. Сектор бойынша баға келесідей:

  • Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) — 30 мың;
  • Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 мың;
  • Шығыс трибуна — 150 мың;
  • Батыс трибуна — 250 мың.

Ереже бойынша, бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды, билет алған кезде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі қажет. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі. Билеттерді Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қолданбасында сатып алуға болады.

Еске салайық, «Қайрат» 26 тамызда плей-офф кезеңінде сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпиондар лигасының негізгі бөлігіне жолдама алған еді.

«Қайрат» Қазақстан тарихында топтық кезеңге шыққан екінші клуб. Бұған дейін бұл жетістікке 2015/2016 маусымында «Астана» жеткен еді.

«Қайрат» пен «Реал-Мадрид» 30 қыркүйекте Қазақстанда ойнайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да