Алматыда Қала күнінде үшем дүниеге келді. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.
Мереке күні мегаполис перзентханаларында 69 сәби дүниеге есігін ашты. Оның ішінде: 32 ұл және 37 қыз.
Ведомствоның мәліметінше, қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Салмағы 1968 грамм және бойы 42 см ұл, салмағы 1648 грамм және бойы 40 см қыз, салмағы 1699 грамм және бойы 41 см болатын тағы бір қыз өмірге келді. Отбасы «Аңсаған сәби» ЭКҰ мемлекеттік қолдау бағдарламасына жүгінген. Сәбилердің анасы 30 жаста.
Отаға сағат таңғы төрт болғанына қарамастан, перинаталдық орталықтың білікті мамандар тобы жедел жұмылдырылды. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында кесір тілігі сәтті өтті. Сәбилер бірден жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде көмек алды, содан кейін патология бөліміне ауыстырылды, — делінген хабарламада.
