Alma Fest-2025: Алматы күніне 100 мыңға жуық қонақ жиналды

Alma Fest-2025 Алматы күніне орай 100 мыңға дейін қонақ қабылдады. Дәстүрлі фестиваль биылда жалғасын тапты.

Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шара қаланың мол өнімін және мәдени алуандығын бейнелейтін мереке ретінде Тұңғыш президент саябағында өтті. Фестивальге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Әдеттегідей саябақ аумағы ауқымды егін мерекесі мен ұлттық дәстүрлер алаңына айналды. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер бұйымдарының базары, гастрономиялық алаңдар, спорттық жарыстар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50 фермер шамамен 100 тонна алма әкелді. Күні бойы фестивальді 100 мыңға жуық адам тамашалайды деп жоспарланған, — делінген хабарламада.

Музыкалық бағдарламаны белгілі диджейлердің сэттері сүйемелдесе, мереке кешкі уақытта үлкен концерттік бағдарламаға ұласады. Сахнаға TURAR, Astra, Дос-Мукасан, Карина Абдуллина и Royals Band сынды танымал өнер жұлдыздары шықты.