Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматы облысында бойжеткен құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Алматы облысы Талғар ауданында теңіз деңгейінен 3053 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар тауда көмекке мұқтаж туриске көтерілді, оның жағдайы нашарлап кеткен: басы айналып, жүрегі айнып, әлсірегендіктен, өз бетінше таудан түсе алмаған.

ҚР РЖҚЖ  құтқарушылары зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Мақалаға реакция