Ерболат Досаев жаңа лауазымға тағайындалды. Ол енді президент әкімшілігінде жұмыс істейді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ерболат Асқарбекұлы 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Ол 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын, сонымен қатар Мәскеудің Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы – электрондық техника инженері.
Еңбек жолы:
- 1993 — 1994 жж. – менеджер, «Іскер» халықаралық ғылыми-өндірістік кәсіпорны;
- 1994 ж. – директордың орынбасары, «Вега» шағын кәсіпорны;
- 1994 — 1996 жж. – директордың орынбасары, директор, «Фирма «Акцепт» ЖШС;
- 1996 — 1997 жж. – директор, бірінші вице-президент, бас директор, «Корпорация «Акцепт» ЖТАҚ;
- 1997 ж. ақпан — тамыз – басқарма төрағасының орынбасары, «Банк Тұран-Алем»;
- 1997 ж. тамыз — 1998 ж. наурыз – басқарма төрағасы, «Алматинский торгово-финансовый банк» ЖАҚ;
- 1998 ж. наурыз — шілде – ҚР премьер-министрінің кеңесшісі;
- 1998 ж. шілде — 2000 ж. ақпан – ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
- 1999 ж. желтоқсан — 2001 ж. шілде – ҚР бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі;
- 2000 ж. ақпан — 2001 ж. қараша – ҚР Қаржы вице-министрі;
- 2001 ж. қараша — 2002 ж. тамыз – ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
- 2002 ж. қыркүйек — 2003 ж. маусым – ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау агенттігінің төрағасы;
- 2003 ж. маусым — 2004 ж. сәуір – ҚР қаржы министрі, ЕБРР-дегі Қазақстанның басқарушысы;
- 2004 ж. сәуір — 2006 ж. қыркүйек – ҚР денсаулық сақтау министрі;
- 2012 ж. қыркүйек — 2013 ж. қаңтар – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
- 2013 ж. қаңтар — 2014 ж. тамыз – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
- 2014 ж. тамыз — 2016 ж. мамыр – ҚР ұлттық экономика министрі;
- 2016 ж. мамыр — 2017 ж. тамыз – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы;
- 2017 ж. тамыз — 2019 ж. ақпан – ҚР премьер-министрінің орынбасары;
- 2019 ж. ақпан — 2022 ж. қаңтар – ҚР ұлттық банк төрағасы;
- 2022 жылғы 31 қаңтардан бері – Алматы қаласының әкімі (2022 жылғы 2 желтоқсанда қайта тағайындалды).
Еске салайық, биылғы мамырдың соңында Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті.
